Малайзияда бұрынғы вице-премьер ақталды

Малайзия прокуратурасы бұрынғы вице-премьер Ахмад Захид Хамидидің ісін ресми түрде тоқтатты. 2018 жылы оған сыбайлас жемқорлық ісі бойынша 47 айып тағылған еді.

Олар қаржыны қайырымдылық қорлары арқылы заңсыз иеленумен байланысты болған. Үш жыл бұрын сот тергеуді уақытша тоқтатып, кейін қайта жалғастырылды. Алайда жемқорлыққа қарсы комиссия бүгінге дейін жеткілікті дәлел таппай, істі жабу туралы шешім қабылдады.