Германияда дауылдан жол қозғалысы қиындады
Германияның солтүстігі мен батысында қарлы боран салдарынан көлік қатынасы қиындады. Жолдарда ұзын-сонар кептеліс болып, теміржол мен әуе қатынасы да кідіріп тұр.
Берлин әуежайында рейстер кешігіп жатыр. Ал көршілес Францияда дүлей дауылдан 400 мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Мамандар алдағы аптада күн райы жақсарады деп болжап отыр.