Израиль Ливанды атқылады

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіне бірқатар әуе соққысын жасады. Израиль Қорғаныс армиясының хабарлауынша, шабуылдар «Хезболла» қозғалысының әскери нысандарын жоюға бағытталған.

Соққы салдарынан төрт ғимарат зақымданды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Әскери операцияның алдында аймақ тұрғындары эвакуацияланды. Айта кетейік, екі ел арасындағы соғыс 1948 жылдан бері жалғасып келеді. 2024 жылы тараптар АҚШ-тың арағайындығымен бейбіт келісімге қол қойғанымен, Израиль Ливанды атқылауды тоқтатқан жоқ. Былтырдың өзінде 5 мыңнан астам шабуыл жасалып, 376 адам қаза тапқан.