Аустралияда 22 мың адам жарықсыз қалды
Аустралияның Квинсленд штатында «Кодзи» дауылы соғып, кемінде 22 мың тұрғын жарықсыз қалды. Дүлей желдің жылдамдығы сағатына шамамен 113 шақырымға дейін жетіп, бір күн ішінде 300 миллиметр жауын-шашын түскен.
Аймақта дауылмен қоса жаңбыр селдетіп, су тасқыны қаупін күшейтіп тұр. Мамандар алдағы аптада күн райы жақсарады деп болжап отыр. Ал елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде осы уақытта орман өрттері өршіп тұр. Осыған байланысты жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялаған.