Чип өндіруші компаниялар кірісі 21%-ға өсті

2025 жылы әлемдік чип өндіруші компаниялар кірісі 21%-ға өсіп, шамамен 800 млрд АҚШ долларына жетті.

Бұл туралы Gartner зерттеу компаниясы хабарлады. Әлемдік нарықтың көшін америкалық Nvidia компаниясы бастап тұр. Өткен жылы компанияның табысы 100 млрд доллардан асты. Одан кейінгі орында Оңтүстік Кореяның Samsung Electronics және SK Hynix компаниялары тұр. Бұл нарыққа жасанды интеллект қол-данбаларына деген сұраныстың көп болуы тікелей әсер етеді. Сарапшылардың болжамы бойынша болашақта чиптердің қолданысы арта түседі.