Д. Трамп Иран өкілдерімен кездеспейтінін айтты

Дональд Трамп наразыларға қысым тоқтамайынша Иран өкілдерімен кездесуден түбегейлі бас тартатын мәлімдеді.

АҚШ Президенті Truth Social желісінде осындай жазба жариялады. Ол ирандықтарды қарсылықты тоқтатпауға, өз құқықтары үшін күресті жалғастыруға және мемлекеттік институттарда өзгеріс талап етуге шақырды. Трамптың айтуынша, бейбіт шерушілерге қарсы күш қолданғандар мен адам өліміне жауапты тұлғалардың есімдері міндетті түрде тіркелуі тиіс. «Олар осы үшін үлкен жауапкершілікке тартылады», – деп ескертті АҚШ президенті. Сондай-ақ ол АҚШ тарапынан қолдау болатынын айтып, «көмектің жолда» екенін ескертті.