Еуроодақ Иран арқылы ұшпауға шақырды

Әуе қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттік Иран әуе кеңістігін айналып өткен жөн деп ескертті. 

«АҚШ тарапынан әскери іс-қимылдар жүргізілетін болса, баламалы бағыттарды қарастыру қажет», - дейді мамандар. Өйткені Иранның әуе қорғаныс жүйесі қателесіп жолаушылар ұшағын нысанаға алуы мүмкін деп қауіптенеді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран әуе кеңістігін жапқан болатын.