Қытайда жер сілкінді
Қытайда тағы жер сілкінді. Бұл жолы зілзала ошағы көрші елдің оңтүстік-батыс бөлігінде тіркелді.
Оның магнитудасы 5,1-ге дейін жеткен. Юньнань провинциясындағы жер асты дүмпуі жергілікті құтқарушыларды аяғынан тік тұрғызды. Цзяоцзя уездінде шұғыл түрде эвакуациялық жұмыстар жүргізілді. 31 шаруақожалық, 86 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпар жоқ.