АҚШ Иранға қарсы санкцияларды кеңейтті
Трамп әкімшілігі Иранның мұнай саудасына қарсы санкцияларды кеңейтті.
Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы жаңа лицензияны шығарып, санкцияға ұшыраған заңды тұлғалардың тізімін жаңартты. Оған Иранның кеме арқылы тауар тасымалдайтын компаниялары мен тоғыз мұнай танкері енді. Бұл қадам олардың АҚШ азаматтарымен қандай да бір мәмілеге келіп, келісімшарт орнатуына тыйым салады. Сондай-ақ компаниялардың АҚШ-тағы меншігі бұғатталады. Рейтер агенттігі «Құрама Штаттар бұл әрекетке Тегеранды қолдауға бағытталған қаржыландыруға тосқауыл қою мақсатында барып отыр», - деп хабарлайды.