АҚШ Израиль мен Сауд Арабиясына қару сатады
АҚШ Израиль мен Сауд Арабиясына 15 млрд доллардан астам қару-жарақ сатуды бекітті.
Бұл туралы Американың Мемлекеттік департаменті мәлімдеді. Келісімдерге сай Тель-Авивке 7 млрд долларға жуық әскери техника жеткізіледі. Оның ішінде шабуылға арналған 30 Апачи тікұшағы мен 3 мыңнан аса жеңіл тактикалық көлік бар. Ал Эр-Рияд 9 млрд долларға Пэтриот әуе қорғаныс жүйесіне арналған 730 зымыран алады. АҚШ билігінің мәліметінше, келісім Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Қару-жарақ сатылымы Иран айналасындағы геосаяси шиеленіс күшейген тұста жарияланып отыр.