Мадуроны ұстаған кеме Иранға беттеп келеді

Трамп бұл кешенде АҚШ-тың «әлемдегі ең ірі әрі ең қуатты қару-жарағы» бар деп мәлімдеді.

Ал Иранның рухани көсемі АҚШ тарапынан жасалатын кез келген шабуыл тұтас Таяу Шығысты шарпитын, алапат соғысқа ұласатынын ескертті. Оның айтуынша, Иран кез келген шабуылға әзір. Ислам революциясының сақшылар корпусы қолбасшысының орынбасары Ахмад Вахиди бұл жолғы дайындық маусымдағы 12 күндік соғыспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін айтады. «Шабуылдың қай тұстан жасалатыны, қандай күштер әрекет ететіні бізге белгілі», - деді ол. Ал Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи АҚШ соғыс бастаса, жер жаһанды қырып жоймай тоқтамайды деп отыр.