Абу-Дабидегі келіссөз кейінге шегерілді
Ресей, Украина және АҚШ арасындағы үшжақты келіссөз кейінге қалды.
Кездесу 1 ақпанда Біріккен Араб Әмірліктері астанасында басталады деп жоспарланған. Енді Украина президенті Владимир Зеленский кездесу 4-5 ақпан күндері өтетінін мәлімдеді. Ол елінің мазмұнды әрі нәтижелі келіссөзге дайын екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Абу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері жөніндегі аталған елдердің жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен еді. Жабық форматта ұйымдастырылған кездесуден кейін Зеленский тараптар «соғысты аяқтау жағдайын» талқылағанын мәлімдеді.