Саха Республикасында қатты аяз болып тұр

Саха елінде аяз сақылдап тұр.

50 градустық суық бұл өңірде қалыпты жағдай. Польшалық саяхатшы жете алмаған Оймякон ауылына атыраулық саяхатшы Берік Есенғалиевтің барып ту тіккенін кеше көрсеткен едік. Жалпы Саха жері - әлемдегі ең суық мекендердің бірі. Ашық дерек көздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, кезінде 67,7 градусқа дейін аяз тіркелген. Қазақшалап айтсақ, мұнда жай күннің өзінде түкірігің жерге түспейді. 

Берік Есенғалиев, саяхатшы:

- Қайнаған су. Якутский салют. Бірден мұз болып құлайды, Мұз болып түседі. Күшті.