Нью-Йоркте қарлы бораннан 13 адам көз жұмды
Нью-Йоркте қолайсыз күн райынан 16 адам көз жұмды.
Құрбандарды көшелерден тапқан. Алдын ала ақпарат бойынша 13 тұрғын үсіп қалған. Мегаполисте төтенше жағдай режимі жарияланды. Тұрғындар мен әлжуаз топтағы азаматтар көшеде жүрген арнайы автобустарда жылынады. 930-дан астам адам жылы жерлерге орналастырылды. Синоптиктер боран апта соңына дейін жалғасатынын ескертті.