Аргентинада орман өрті өршіп тұр
Аргентинадағы алапат орман өрті ырық берер емес.
Қызыл жалын 50 мың гектар жерді шарпыды. Әсіресе ұлттық паркте жағдай қиын. Мұнда 24 мың гектар орман мен бірегей өсімдіктердің сау-тамтығы қалмады. Тілсіз жауды алауыздықтауға қатты жел кедергі келтіруде. Құтқарушылардың бар үміті синоптиктер болжап отырған алдағы жауын-шашында. Қазір елдің бірқатар провинциясында төтенше жағдай жарияланды.