Иран-АҚШ диалогы қайта жандануы мүмкін

Иран мен АҚШ жақын күндері келіссөз өткізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады. 

Мәліметке сәйкес, кездесуді осы аптада Ыстамбұл қаласында ұйымдастыру қарастырылып жатыр. Алайда келіссөз форматы әзірге нақтыланбаған. Жиынның негізгі тақырыбы Иранның ядролық және зымыран бағдарламалары болуы мүмкін. Басқосуға Түркия, Қатар, Мысыр, Сауд Арабиясы, Оман және Пәкістанның сыртқы істер министрлері қатысуы ықтимал. Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи, ал АҚШ тобын Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкіл Стив Уиткофф бастап барады деген болжам бар.