АҚШ пен Үндістан сауда келісіміне келді
АҚШ пен Үндістан тарифтерді төмендетуді көздейтін сауда келісіміне келді.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін мәлімдеді. Келісімге сәйкес АҚШ Үндістанға қатысты кедендік баж мөлшерін 25%-дан 18%-ға дейін қысқартпақ. Премьер-министр Үндістанның АҚШ-тан энергия ресурстары, технология, ауыл шаруашылығы өнімдері мен көмірді қоса алғанда, 500 миллиард доллардан астам көлемде өнім сатып алуға дайын екенін айтты. Ақ үй басшысы бұл шешім екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен әңгімелесу мен үшін үлкен мәртебе болды. Ол менің жақын серіктестерімнің бірі әрі өз елінде үлкен құрметке ие көшбасшы. Мен АҚШ пен Үндістан арасындағы серіктестік алдағы уақытта одан әрі нығая түсетініне сенемін.