Ресей мен Украина тұтқын алмасты
Ресей мен Украина өзара 157 әскери тұтқын алмасты. Бұл іске АҚШ пен Біріккен Араб Әмірліктері арағайындық етті.
Бұған дейін АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі, қос ел екі жақтан 314 тұтқынмен алмасатынын хабарлаған. Стив Уиткофф тараптардың мұндай келісімге Құрама штаттар делегациясымен өткен кездесу барысында қол жеткізгенін айтты. Ол Абу Дабидағы жабық форматтағы уағдаластық оң нәтижесін берді деп бағалады. Ресей, Украина, АҚШ өкілдері арасында пікір алмасу жалғасып, алдағы апталарда келіссөз одан әрі ілгерілей түседі.