Әлемдегі гуманитарлық дағдарыстың салдары
Әлемде гуманитарлық көмектің күрт қысқаруына байланысты алдағы 4 жылда 9 млн-нан астам адам көз жұмуы мүмкін.
Бұл туралы The Lancet медициналық журналы мәлімдеді. Зерттеулерге сәйкес, дағдарыс Америка халықаралық даму агенттігінің USAID тарауымен байланысты болып отыр. Бұған дейін агенттік жаһандық гуманитарлық қаржыландырудың 40% -ын қамтамасыз еткен. АҚШ-тың көмекті шектеуі, өзге донорларға үлгі болған тәрізді. Осал елдерді қолдауға арналған бюджетті Ұлыбритания, Германия және Канада қысқартты. Африка мен Ауғанстандағы ауруханалар мен азық-түлік бағдарламаларының жаппай жабылуы миллиондаған адамның иммун тапшылығы вирусы, безгек және туберкулезге қарсы дәрі-дәрмексіз қалдырады. Әсіресе бес жасқа дейінгі балаларға қауіп төніп тұр.