Газадағы науқастар шетелге шыға алмай отыр
Газа секторында көптен күткен Рафах шекара бекеті ашылғанымен науқастарды эвакуациялау мүмкін болмай отыр.
Шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 22 мыңға жуық адамның тағдыры, қыл үстінде тұр. Израиль қорғаныс министрлігі мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қажетті деректерді ұсынбауымен байланыстырады. Эвакуация халықаралық Қызыл Жарты ай қозғалысының көмегімен іске асады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Газа секторы мен Мысыр шекарасында орналасқан Рафах өткелі 2 күн бұрын ашылған болатын. Бұл Газа секторының сыртқы әлемге негізгі қақпасы саналады.