Иракта ежелгі қаланың орыны табылды

Археологтардың халықаралық тобы Ирактың оңтүстігінен ежелгі қаланың орнын тапты.

Көне шаһар Ескендір Зұлқарнайын заманына тиесілі. Бұл біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр. Спасину Харакс туралы тарихшылар ескі дәуір жазбаларынан білген. Бірақ нақты қайда екенін білмеген. Бастапқы ақпарат 1960 жылдары ВВС телеарнасының әуе-ғарыш суреттерінен алынды. Бірақ аймақтағы ұзақ жылғы қақтығыстар кесірінен қазба жұмысын жүргізу 2014 жылға дейін мүмкін болмады. Шетелдік басылымдардың жазуынша, көне көшелер, ғибадатханалар мен өнеркәсіп орындарының ізі табылған. Мамандар "бұл Қосөзен, яғни Месопотамия өркениеті және Парсы шығанағы мен Үндістан арасында сауда байланысының барын дәлелдейді" дейді.