Венесуэлада саяси тұтқындарға рақымшылық берілуі мүмкін

Венесуэла Парламенті алғашқы оқылымда саяси тұтқындарға рақымшылық беру туралы заң жобасын мақұлдады.

Құжат 90-шы жылдардың басында наразылық шараларына қатысқаны және билікті сынағаны үшін сотталғандарды босатуды қамтиды. Сондай-ақ бостандыққа шыққан азаматқа тәркіленген мүлкі қайтарылу және халықаралық іздеуді алып тастау қарастырылған. Мамандар жаңа құжат шетелде бас сауғалап жүрген оппозициялық саясаткерлердің елге қайтуына мүмкіндік береді деп пайымдайды. Құжат елдің уақытша президенті Делси Родригестің бастамасы бойынша әзірленген. Саяси тұтқындарды босату АҚШ-тың басты талаптарының бірі болған.