Газаға жаңа гуманитарлық көмек жіберіледі

Белсенділер Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу үшін жаңа теңіз кемелерін дайындауға кірісті.

Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлаған. 2024 жылғы акция аясында шамамен 40 кеме қатысса, жаңа жоспарда олардың саны 2 есе көп болмақ. Бортта инженерлер, азаматтық мамандар мен мыңға жуық медицина қызметкері болады. Кеме Испания, Италия және Тунис теңіз айлағынан, аттандыру жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Сумуд» фло-тилиясын Израиль тоқтатып, швед белсендісі Грета Тунбергпен қоса 450-ден астам адамды қамауға алған еді. Тель-Авив бұл әрекетті саяси арандатушылық деп атады.