АҚШ-та 50 мың қызметші қысқаруы мүмкін

АҚШ-та 50 мың федералдық мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылуы мүмкін. Бұл Дональд Трамп ұсынған мемлекеттік басқару реформасының аясында іске аспақ.

Президент әкімшілігі Ақ үй басшысының кадр мәселесіндегі өкілеттігін кеңейтетін құжатты әзірлеп, аяқтады. Алайда кәсіподақтар мен құқық қорғаушылар аталған өзгерістер мемлекеттік қызметтің дербестігіне қауіп төндіреді деп есептейді. Жергілікті ақпарат құралдары 45 күндік қоғамдық талқылау барысында жіберілген 35 мың пікірдің 90 пайыздан астамы сыни сипатта. Өзгертулерге қарсы қазірдің өзінде сотқа арыз берілген.