Оңтүстік Суданда дәрі-дәрмек жетіспей жатыр

Оңтүстік Суданда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектің жетіспеуі мыңдаған ауыр науқастың өміріне қауіп төндіріп отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, елде малярия, қант диабеті және онкологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар таусыла бастаған. Медициналық көмектің үзілуіне елдегі қарулы қақтығыстар себеп. Елдегі соғыс салдарынан дәрі-дәрмек тасымалы тоқтап, кей өңірлерге бірнеше апта бойы гуманитарлық жүк жетпеген. Балалар мен созылмалы ауруы бар адамдардың жағдайы қиын, дейді мамандар.