Үндістанда шахтадағы жарылыстан 27 адам қаза тапты
Үндістанның солтүстік-шығысындағы көмір шахтасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 27-ге жетті.
Сегіз адам ауыр жарақат алған. Қайғылы оқиға Мегхалая штатының Жайнтия шығыс жоталары ауданында тіркелді. Жарылыс шахта ішінде болған. Алдын ала болжам бойынша апатқа көмір өндіру кезінде қолданылған жарылғыш зат себеп болуы мүмкін. Өңірде көмір «егеуқұйрық індері» деп аталатын аса қауіпті әдіспен өндірілген. Билік аталған әдіске ресми түрде тыйым салған. Алайда құқық қорғаушылардың айтуынша, заңсыз көмір өндіру әлі де жалғасып келеді.