Америкалық Dow Jones индексі қымбаттады
Америкалық Доу Джонс индексі алғаш рет 50 мың пунктіден жоғары көтерілді. Бұл – рекорд.
500 компанияның әлеуетін көрсететін индекс АҚШ экономикасының көрсеткіші саналады. Нью-Йорк қор биржасында бұл бірлестіктердің құнды қағаздары кемі екі пайызға қымбаттаған. Сарапшылардың айтуына қарағанда, америкалық акциялар саудасының жүруіне – инвесторлар арасында Құрама Штаттар экономикасына сенімнің артуы себеп. Ал президент Дональд Трамп: 2029 жылға қарай Доу Джонс индексі 100 мың пунктіден асады деп болжап отыр. Ақ үй басшысы бұл оның болашаққа белгілеген экономикалық стратегиялық жоспары екенін атап өтті.