Кореялықтар күтпеген табысқа кенелді
Оңтүстік Кореяда криптовалюта нарығында тосын жағдай тіркелді.
Жергілікті криптобиржалардың бірі техникалық ақау салдарынан тұтынушылардың шотына жалпы құны 44 миллиард долларға жуық қаражатты қате аударып жіберген. Бастапқыда компания небәрі шағын сыйақы беруді көздеген. Алайда жүйедегі ақаудан 700-ге тарта адам күтпеген табысқа кенелді. Кейбір қолданушылар қаражатты тез арада пайдаланып үлгерген. Алайда биржа жедел әрекет етіп, аударылған соманың 99 пайызын кері қайтарғанын мәлімдеді. Осыдан кейін елдің қаржы реттеуші органдары цифрлық активтер нарығына бақылауды күшейту қажеттігін айтты.