«Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы отырысы өтеді

Келер аптада Вашингтонда «Бейбітшілік кеңесінің» бірінші отырысы өтуі мүмкін.

Кездесу 19 ақпанға белгіленіп отыр. Жиынға қатысушылар Газа секторындағы бітімнің орындалуын талқылайды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Бейбітшілік кеңесінің құрылуына АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамашы болды. Оған 27 елдің басшылары мүше. Алғашқы басқосуға кімдер қатысатыны әзірге белгісіз. Бірақ Венгрия пермьер-министрі Виктор Орбан шақырту алғанын растады. Жиыннан бір күн бұрын Президент Дональд Трамп Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды Ақ үйде қабылдайды. Алайда бұған қатысты Құрама Штаттар билігі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.