Испанияда дауылдан келген шығын 4 млрд еуродан асты
Испанияның Андалусия аймағындағы дүлей дауылдан келген шығын көлемі 4 миллиард еуродан асты.
Табиғи апаттан ауыл шаруашылығына көп залал келген. Бұдан бөлек нөсер жауын мен су тасқынынан бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге 500 миллион еуро қаржы керек екені айтылды. Ахуалға байланысты өңір билігі орталық үкіметтен бөлек Еуроодақтан шұғыл қаржылай қолдау көрсетуді сұрады. Қазір Андалусияда дауыл салдарымен күрес жалғасып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында 11 мыңнан астам адам эвакуацияланған.