Португалияда 56 мың тұрғын жарықсыз отыр

Португалияда дүлей дауыл тұрып, салдарынан 56 мың тұрғын жарықсыз қалды. Елде қаңтар айының соңынан бері ауа райы қолайсыз. 

Жаңбыр жиілеп, жел күшейіп, соңы алапат дауылға ұласты. Табиғи апаттан 5 адам опат болды. Қазір аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал синоптиктер жауын-шашын алдағы күндері де жалғасуы мүмкін деп болжайды.