SpaceХ Ай мен Марста қалалар салады

SpaceX Ай мен Марста қалалар салуға ниетті. Ғаламат жоспар алдағы онжылдықтарда іске аспақ. 

Бұл туралы компания басшысы Илон Маск X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Мамандар арнаулы жобалар бойынша ауқымды ұзақ мерзімді жұмысқа кірісіп кеткен. Айдағы құрылыс Марстан бұрын басталады. Өйткені қызыл ғаламшарға ұшу тек әр 26 ай сайын ғана мүмкін және олардың әрқайсысының ұшу ұзақтығы алты айға дейін созылады. Ал Айға 10 күнде жетіп баруға болады.