Иран уран байыту көлемін азайтуға әзір
Иран АҚШ тарапынан барлық санкциялар алынып тасталса, уран байыту деңгейін төмендетуге әзір. Бұл туралы елдің Атом энергиясы жөніндегі ұйымы хабарлады.
Бұл сөз Вашингтон мен Тегеран арасындағы Оманда өткен келіссөзден кейін айтылған. Тараптар дипломатиялық диалогты одан әрі жалғастыруға келісіп отыр. Иран президенті Масуд Пезешкиан жаңа кездесу Ислам Республикасының ядролық мәселесін әділ әрі тең дәрежеде реттеуге жол ашады деп мәлімдеді.