Йеменде жаңа үкімет құрылды

Министрлер кабинетін Президенттік кеңестің жетекшісі Рашад әл-Әлими бекітті.

Бұл елде 35 министрлік бар. Үкімет басшысы экономикалық мәселелерден бөлек сыртқы саясат үшін де жауапты. Ведомстволардың екеуін әйел басқарады. Олар Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі мен Әйелдер істері  жөніндегі министр. Тағайындау Сауд Арабиясында өтті. Өйткені Йеменде 2014 жылдан бері азаматтық соғыс жалғасып келеді. Сондықтан Президенттік кеңес Эр-Риядта орналасқан.