Йемен үкіметі Аденнің қауіпсіздігін күшейтті
Йемен қарулы күштері Аден қаласының қауіпсіздігін күшейтіп жатыр. Қазір хуситтер қаланың іргесін торуылдап жүр, деп хабарлайды 24KZ.
Әрі кейінгі бірнеше күннің ішінде зымыран соққылары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары жиілеп кеткен. Жағдай қарулы күштер Баб әл-Мандаб бұғазы маңынан шегінгеннен кейін ушыға түскен. Хуситтер енді Қызыл теңізді Аден шығанағымен байланыстыратын стратегиялық теңіз жолын толық бақылауға алуға әрекет жасауы мүмкін. Бұл – Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды су жолы.