Ақ үйде Трамп пен Нетаньяху кездеседі. Live

АҚШ астанасында президент Дональд Трамп пен премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың кездесуі өтеді.

Бірер сәттен соң басталатын Ақ үйдегі жиында Израиль үкімет басшысы Иран мәселесіне қатысты сұрақтарды көтермек. Бұдан бөлек Газадағы бейбітшілік тақырыбы да қаралады. 

Ақ үйде қарбалас. БАҚ өкілдері ығы-жығы болып, Израиль премьер министрінің келуін таспалап жатыр. Беньямин Нетаньяху Дональд Трамп қайта президент болғалы АҚШ-қа алтыншы рет келіп отыр. Әр кездесуде Таяу шығыстағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды. Бүгін де солай болмақ. Ақ үйге келмес бұрын Израиль премьер министрі кеше Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофпен және оның күйеу баласы Джаред Кушнермен жолығып, алда қозғалатын тақырыптарды ақылдасып алды. Қазір бірнеше минуттан соң басталатын кездесуде Биньямин Нетаньяху Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздерге ықпал етуді көздеп отыр. Ол АҚШ-тың Иранмен қарулану бағдарламасы жайлы келіссөзін тек ядролық мәселе шеңберімен шектемей, Иранның баллистиалық зымырандары мен Хезболла мен ХАМАС тобын қолдауына назар аударуды қалайды. Отырыста Газаға қатысты жағдайлар, Трамптың ұсынып отырған бейбіт жоспары да талқылануы мүмкін. Бұл жоспар Израиль армиясының Газаның кейбір аймақтарынан шығаруды қамтиды. Бірақ Израиль мұнымен келіспеуі мүмкін. Қазір айтылған мәселелер барлық тарап үшін өте өзекті. Ал Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесі келесі аптада алғашқы отырысын ұйымдастырады.