Канадада тоғыз адамды атып өлтірген күдіктінің жеке басы анықталды

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында 9 адамды атып өлтірген күдіктінің жеке басы анықталды.

 Ол 18 жастағы бойжеткен болып шыққан. Полицияның ақпаратынша, күдіктінің психикалық ауытқуы бар. Тағы 25 кісі жараланған. 2-уінің жағдайы ауыр. Олар қазір ауруханада. Қыздың қантөгісті не үшін ұйымдастырғаны әлі беймәлім. Полиция 6 мәйітті мектептің ішінен, 3-уін маңайынан тапты. Бір адам ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырды. Мектептегі сабақ апта аяғына дейін тоқтатылды. Құрбандардың 2-уі күдіктінің өз ата-анасы екен.