Вашингтонда әлемдегі ең биік салтанат қақпасы салынады
Вашингтон әлемдегі ең биік салтанат қақпасын салады. Жоба АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай бекітілген.
Жоспарға сәйкес нысанның биіктігі 76 метр болады. Бұл шамамен 20 қабатты ғимаратпен тең. Қақпа биік тұғырдың үстіне орнатылып, төбесіне алтын жалатылған қола материалдан жасалған Бостандық мүсінінің көшірмесі қойылады. Ескерткіш Арлингтон мемориалдық көпірі маңына орналастырылуы мүмкін.