АҚШ Газаны қайта құру жоспарын ұсынады
«Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы отырысы Вашингтонда 19 ақпанында өтеді. Онда АҚШ президентінің әкімшілігі Газа секторын қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жоспарын ұсынбақ.
«Рейтердің» хабарлауынша, алдағы жиынның басты жаңалығы – анклавқа көмек беру бойынша халықаралық қаржылық қор құру. Ақша ерікті түрде жиналмақ және қаражат біртіндеп аударылады. Аталған отырысқа кемінде 20 елдің делегациясы шақыртылған. Басқосуда гуманитарлық қолдау көрсету және қираған инфрақұрылымды қайта тұрғызу мәселелері талқыланбақ. Естеріңізге сала кетейік, «Бейбітшілік кеңесі» Дональд Трамптың бастамасымен құрылған. Құжатқа қаңтарда Давоста өткен форумда қол қойылды.