АҚШ пен Тайвань аралы сауда келісіміне қол қойды
Құжатқа сәйкес, арал Құрама Штаттардан 44 миллиард долларға сұйытылған табиғи газ бен шикі мұнай алады.
Тағы 15 миллиард долларға ұшақтар мен әуе көлігіне арналған қозғалтқыш сатып алуға міндетті. Сондай-ақ жергілікті нарыққа америкалық тауарлар, оның ішінде сиыр мен шошқа еті, сүт өнімдері, бидай, медициналық құралдар және автокөліктер көптеп жеткізіледі. Ал АҚШ өз тарапынан Тайваньда өндірілетін тауарларға баж салығын 20 пайыздан 15 пайызға дейін төмендетті.