АҚШ қайтадан шатдаунға ұшырауы мүмкін

АҚШ-та ішінара шатдаун қайта басталуы мүмкін.

Республикалық және Демократиялық партиялар бюджет бойынша келісімге келе алмай отыр. Үкімет жұмысы ішінара тоқтаса, Көлік қауіпсіздігі әкімшілігі, Жағалау күзеті және Төтенше жағдайларды басқару агенттігі сияқты Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қарасты мекемелер қаржыландырудан қағылуы мүмкін. Басқа ведомстволардың бюджеті күзге дейін бекітілген, сондықтан олар жұмысын жалғастыра береді. АҚШ Сенаты құжатты қабылдау үшін қажетті 60 дауысты жинай алмады. Даудың өршуіне таяуда Миннесота штатында болған атыс себеп. Демократтар федералдық агенттердің өкілеттігін шектеуді және жаңа ереже енгізуді талап етіп отыр.