Кубадағы мектептерде сабақ уақыты қысқарды
Кубада жанармай тапшылығына байланысты мектептерде сабақ уақыты қысқарды.
"Рейтердің" хабарлауынша, көптеген университеттер қашықтан оқуға ауыстырылған. Осы аптаның басында бүкіл ел бойынша энергия қуатын үнемдеуге қатысты қатаң шаралар енгізілді. Қалаларда қоғамдық көліктер тоқтап, қонақ үйлер жабылып, банктердің жұмыс сағаты қысқарды. Кубадағы жағдай АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқынға алғаннан кейін күрт ушықты. Арал-мемлекет Венесуэла мұнайына қатты тәуелді болатын. Каракас Кубадағы электр энергиясының 50 пайызын қамтамасыз етеді.