Францияда дауылдан үш адам қаза тапты
Францияның оңтүстік-батысында дауыл соғып, үш адам опат болды. Құлаған ағаштың астында қалғандар мен ауыр жарақат алғандар көп.
Апат аймақтарында жел екпіні сағатына 170 шақырымға дейін жеткен. Мәселені шешу үшін электр энергиясын тарату компаниясының үш мың қызметкері жұмылдырылды. Қазір мамандар жарықсыз қалған 900 мың тұтынушының тең жартысын электр қуатына қайта қосты. Дауыл соңы қар көшкініне ұласуы мүмкін. Француз Альпілеріндегі төрт департаментке қауіп төніп тұр.