АҚШ-та мигранттар орталығы ашылады
АҚШ-та заңсыз жүрген мигранттарға арналған ғимараттар салынады. Жоспарға сәйкес әрқайсысы 10 мың адамға дейін қабылдай алатын сегіз мекеме тұрғызу көзделген.
Ал құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұл мақсатқа 38 миллиард доллар бөлінеді. Билік өкілдері тағы 16 ғимаратты сатып алу туралы шешім қабылдады. Онда мигранттар құжат рәсімдеу жұмыстары аяқталғанша орналастырылады. Алайда Демократиялық партия өкілдері Дональд Трамптың бұл шешімін сынға алды. Олар жаппай депортациялау салық төлеушілерге ауыр салмақ салуы мүмкін деп алаңдайды. Ал Ақ үй көші-қон саясатын қатаңдату бағытын жалғастыруға ниетті.