Ядролық реактор алғаш рет ұшақпен жеткізілді
АҚШ сарбаздары ядролық реакторды ұшақпен тасымалдады.
Мұндай операция тарихта бұрын-соңды болмаған. 3 ауыр жүк ұшағы энергоблокты Калифорния штатынан Юта штатына жеткізді. Реактордың бастапқы қуаты 250 киловатт энергияны құрайды. Толық қуатпен жұмыс істегенде 5 мегаваттқа дейін өндіруі мүмкін. Бұл 5 мың тұрғын үйді электр қуатымен қамтамасыз етуге жетеді. Атом энергоблогының ішіндегі отын арнаулы күйіктас қабықпен қорғалған. Ол экстремалды температура мен ауыр соққыларға төтеп бере алады. Аталған құрылғы қашықтағы әскери базалар мен дата-орталықтарға электр қуатын беру үшін пайдаланылады.