Францияда нөсер соңы тасқынға ұласты

Францияның оңтүстік-батысында бірнеше күн толассыз жауған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты.

France Info хабарлауынша, 110 мыңнан астам гектар аумақ, мыңдаған үй, жолдар мен инфрақұрылым су астында қалған. Әсіресе Гаронна, Луара мен Шаранта қалалары қатты зардап шекті. Коньяк шаһарындағы су 8 метрге дейін көтерілген. 3 департаментте қауіп-қатердің ең жоғары «қызыл» деңгей жарияланды. 1,5 мыңнан астам тұрғын шұғыл көшіріліген. Метеорологтар жауын-шашын әлі бірнеше күн тоқтамайды деп ескертті. Алдын ала есеп бойынша, табиғи апаттан 3 млрд еуро шығын келген.