Женевада Украина бойынша келіссөздер басталды

Женевада АҚШ, Украина және Ресей арасында келіссөздердің үшінші кезеңі басталды. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлайды.

Кездесу жабық режимде Inter Continental қонақ үйінде өтіп жатыр. Делегациялардың келгені туралы кадрлар ақпарат құралдарында жарияланды. Талқылау 2 күнге созылады деген мәлімет бар. Тараптар қауіпсіздік пен жер дауына қатысты мәселелерді ортаға салмақ. Украина делегациясын Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қорғаныс министрі, ресейлік тарапты президент көмекшісі Владимир Мединский бастап барған.  АҚШ атынан арнаулы өкіл Стив Уиткофф пен кәспкер, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысып жатыр.