Қалың қар Олимпиаданың кестесін бұзды

Омбы қар Олимпиаданы да тоқтатты.

Италияның Ливиньо қаласында қар жауып, оның үстіне тұман түсіп сноуборд бойынша әйелдер арасындағы ақтық сайыс пен шаңғы акробатикасы бойынша жарыс кейінге қалды. Ұйымдастырушылар қолайсыз күн райы спортшыларға трамплиннен секіріп, қажетті жылдамдыққа жетуге кедергі келтіреді дейді. Қазір коммуналдық қызмет қарды күреп әлек. Жарыстың қашан өтетініні әзірге белгісіз. Ұйымдастырушылар аптаның аяғына дейін жағдай түзеледі деп сенеді.