Иран әуе кеңістігін жартылай жапты

Бүгін Иран әуе кеңістігін жартылай жапты.

Билік зымыран атылатынын ескертіп, әуе компанияларын ұшы бағдарын өзгертуге немесе одан мүлде бас тартуға шақырған. Осының алдында ғана Тегаран Ормуз бұғазында зымыран ату жаттығуын өткізген болатын. Бұған дейін АҚШ Таяу Шығысқа бірнеше әскери кемесін әкеліп, отқа май құя түсті. Осыдан кейін парсы елінің үкіметі түрлі әскери жаттығуларды үдеткен. Сондай-ақ "Рейтер" агенттігі жерсерігі арқылы түсірілген суреттер Иранның әскери нысандарын нығайтып жатқана дәлел деп хабарлады. Мысалы, 2024 жылы Израильдің әуе шабуылына ұшыраған ірі әскери сынақ алаңында жаңа бетон қалқан салынғаны байқалады. Айта кетейік, АҚШ әкімшілігін Тегеранға ядролық бағдарламасын шектеу бойынша қысым көрсетуді жалғастыруда.