Пәкістанда газдың жарылысынан 16 адам қаза тапты

Пәкістанның Карачи қаласында газ жарылып, 16 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға көп пәтерлі үйде болған. Құрбандар арасында балалар мен әйелдер бар. Полиция оқыс оқиғаның бірінші қабатта болғанын айтады. Жарылыс қуаты күшті болғаны соншалық, ғимараттың бір бөлігі қирап қалды. Алдын ала дерек бойынша пәтерде газ таралған. Билік зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.